Бала тәрбиесі мәселесі күн тәртібінен түспейді

259

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тапсырмасына сәйкес жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтармен бала тәрбиесіне байланысты 8-11 сынып оқушылары және ата-аналармен кездесулер жалғасуда.

Бүгін дәл осындай кездесу аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовтың төрағалығымен аудан орталығындағы мектептерде жалғасты.

Әйтеке би кентіндегі №266 орта мектепте өткен жиынға Қазалы ауданы прокурорының орынбасары Ғанибек Сағатов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ғани Құрманалиев, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы мүшелері, №266 мектептің 8-11 сынып оқушылары мен ұстаздары және ата-аналар қатысты.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы бүгінгі таңда жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында түрлі құқық бұзушылық әрекеттер белең алып, бұл мәселелердің өте өзекті болып отырғанын айтты. Сонымен қатар бұл мәселелердің алдын алуда балаға біліммен қатар берілетін тәрбиеніңде аса маңызды екенін тілге тиек етті.

Мұнан соң аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ғанибек Құрманалиев, Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп директоры Төребай Шермаханов, №266 мектеп-лицей директоры Ерлан Өтепбергенов күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Баяндамашылардан кейін аудан прокурорының орынбасары Ғанибек Сағатов сөз сөйлеп, жасөспірімдер арасындағы орын алатын қылмыстың алдын алу, ата-ана мен ұстаздардың жауапкершілігі жайында сөз қозғады. Басқосуда аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі Болат Жолтаев бүгінгі кездесудің маңызына тоқталды. Бұдан бөлек, басқосу барысында ата-аналар тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, түрлі ұсыныстар айтылды.

Кездесу соңында №266 мектеп директорының ұсынысына сәйкес 1 мәселе қаралып, тиісті шаралар қабылданды.

Айта кетейік мұнан соң дәл осындай кездесу Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектепте жалғасты.

Алдағы уақытта мұндай кездесулер басқа да мектептерде жалғаса беретін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<