Бала тәрбиесі – қоғамның негізгі бастауы

1690

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бала тәрбиесі – қоғамның өзекті мәселесі. Сондықтан аталған жағдайға бей-жай қарамау үнемі айтылып, күн тәртібінен түспей келеді. Ол үшін арнайы жиындар өтіп, кездесулер тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Сондай бір басқосулар бүгін 5-ші квартал аумағындағы Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп, С.Сейфуллин атындағы №165 мектеп, №276 орта мектеп және Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жалғасын тапты. Ұстаздар, ата-аналар және жоғары сынып оқушылары қатысқан жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов және бірқатар аудандық мәслихат депутаттары арнайы қатысты.

Кездесуде бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу сынды өзекті мәселелер көтерілді. Одан бөлек, қоғамдық тәртіпті сақтау мен білім сапасын жақсарту секілді түйткілдер де талқыланды.

Ата-аналар да өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, бала болашағына алаңдаушылық танытып, арнайы мәжілістер ұйымдастырылып жатқанына ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып отыратын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<