Балаларға базарлық

2312

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «OrdaGen» компаниясы шығарған «Берке аю және кәсіп», «Мың бояулы ORDA», «ORDA ертегілері толық жинағы»танымдық кітапшаларының тұсаукесері өтті.

«Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – жас жеткіншектерге халық ауыз әдебиетінің бай нұсқасы ертегілерді насихаттап, оның өзгешеліктерін көрсете білу, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Тұсаукесерге облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшының орынбасары Ж.Құрамысова, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Қ.Есімсейітова, балалар ақыны Р.Наурызбаева, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің балалар әдебиеті пәнінің оқытушысы З.Орманова және «OrdaGen» жобасының директоры Т.Парасат қатысты. Жоба авторы кітапшаларды таныстырғаннан кейін кітапхана оқырмандары жаңа туындылар желісі бойынша қойылым қойды. Жобаның бастамашыларына және кітапхананың кішкентай оқырмандарына ізгі тілектерін жолдап, алғыс білдірді.

Бүлдіршіндерге ертегі кітаптары таратылып, шара әсем әнмен қорытындыланды.

Аружан ЕРАЛЫ,

Қызылорда қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<