Баланың амандығы бәрінен маңызды 

411

0

Оқу жылының алғашқы күнінен бастап, мектеп алдындағы жол өткелдерінде ювеналды және патрульдік полиция инспекторлары күнделікті қызмет етеді. Мектеп жасындағы балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті шаралар атқаруда.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Әмитов айтты.

– Жаңа оқу жылының басталуына орай полиция қызметі күшейтілген кестеге көшті. «Назар аударыңыз, балалар!» шарасы аясында, облыста орналасқан 295 мектептің аумағында жол белгілеріне тексеріс жұмыстары жүргізілді. Жол белгілерінің 100 данасы қайта қалпына келтіріліп, 75-і жаңадан орнатылды.

Жазатайым оқиғалар жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден өтуінен, бағдаршамның тыйым салу сигналына қарамағаннан орын алады. Сондықтан ата-аналар мен балаларды жол жүру ережесін қатаң сақтауға шақырамын. Мектеп алдындағы жаяу жүргінші өткелдерінің таңбалары жаңартылды. Тағы бір айта кетерлігі, балаларымыз электросамокаттар мен гидроскутерлерге қызығушылық танытуда. Осыған орай заңнамаға өзгерістер енгізіліп, 30 тамызда күшіне енді. Заңға сәйкес, электросамокат веложолда, жолдың оң жақ шетінде жолақ бойымен қозғалады. Қараңғы түскен соң электросамокат жүргізушілеріне жарық қайтарғыш элементі бар киім кию міндеттеледі, – деді Шамшидин Егенбердіұлы.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<