Балық аулаудан жарыс өтті

361

0

Бүгін Қазалы ауданының құрылғанына – 95 жыл толуына орай және “Халықаралық туризм күні” мерекесі қарсаңында аудан әкімінің қолдауымен, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен туризм саласын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Абай ауылына кіре берістегі «Қалқымалы» көпірдің оң жақ бетінде балық аулаудан жарыс өтті.

Аталған жарысқа қазалылықтардан бөлек, Алматы, Жезқазған, Ақтөбе, Қызылорда қалаларынан және көршілес аудандардан да әуесқой балықшылар қатысып, барлығы 250-ге жуық азаматтар бақтарын сынады.

Жоғары деңгейде өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Айдарбекұлы арнайы қатысып, жеңімпаз бен жүлдегерлерге медальдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.Нәтижесінде 1 орынға Мағжан Шағырбай қол жеткізсе, екінші орын Абзал Керімбайға, үшінші орын Абзал Кеңесбайға бұйырды.

Сонымен қатар, қатысушы бірқатар азаматтар «Жас балықшы», «Тәжірибелі балықшы», «Ең бірінші ұсталған балық» және «Ең ірі балық ұстаушы» бағамымен марапатталды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<