БАЛЫҚШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА: СУ АЙДЫНДАРЫ ҚАУІПТІ!

417

0

Аязды күндер басталысымен облыстың су айдындары, аса қауіпті аймаққа айналады. Төтенше жағдайлар тудыруы мүмкін алғашқы мұз қату басталады, мұз адам салмағын көтеретіндей болып көрінеді. Алайда, бұл алдамшы. Осы кезде мұз бетіне шығу, оның үстіне балалар ойындарын ұйымдастыру – өзін-өзі ажал аузына апарумен тең.
Әрине, қыс кезінде негізгі «тәуекел тобына» жататын әрбір балықшының жанында болуы тиіс жеке құтқару құралдары жайлы айтпай кету мүмкін емес. Бір адамның дене салмағының қалыңдығы 7 см. жеткен мұз шыдай алады, ал бірнеше адамды көтеру үшін мұздың қалыңдығы 15 см. болуы қажет. Дәстүр бойынша әсіресе, қамысты не балдырлы сондай-ақ, бұлақтың құйылысы бар немесе түбінен қайнар ағып жатқан жерлердегі, жағаға жақын жердегі мұз жұқа болады. Сөзсіз, мұндай жерлерден қауіптену керек!
Мұз бекігеннен кейін де қырағылықты жоғалтпау қажет, мұз үстінде болған кезде міндетті түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. Мұңда шетел тәжірибесіне жүгінсек артық болмас. Мәселен, Швецияда өзін сыйлайтын балықшы «өзін-өзі құтқару құралдарынсыз» мұзға шықпайды. Бұл құрал екі жағынан металл біліктерімен қол-ұстаулары бар киімге бекітілген мықты арқаннан тұрады. Жалпы алғанда, мұз астына кеткен адамға көмек көрсету үшін, әр балықшыда ұзындығы 12-15 метрден кем емес, мықты арқан болуы қажет. Балықшының өзімен бірге су бетінде адамды көтеріп тұра алатын бір тілім тығыз пенопласт болса, артықтық етпейді.
Бақытсыз жағдай бола қалса, не істеу керек?
Зардап шегуші жылымға жармаса, су бетінде ұсталынып тұруы тиіс және мұз бетіне шығуға тырысуы қажет, ал маңындағылар – дереу көмекке келу керек. Қол астындағы кез-келген қолайлы құралдардың – ұзын бөкебай, таяқ немесе жіптің көмегімен адамды тез арада жағаға шығару керек, өйтпегенде, су болған киімдері оны су түбіне қарай тартады. Құтқарылған адамды – тез арада жылытып, оған алғашқы медициналық көмек көрсету керек.
Су айдынының мұзында төтенше жағдай болған кезде «112» телефон нөмірі арқылы құтқару қызметін шақырыңыз.
Қызылорда облысының ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<