Бір күннің ісі – мың күннің игілігі

587

0

Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен жүзеге асып жатқан «Мектепке жол» науқаны жалғасуда. Бұл жолғы қайырымдылық шарасына облыстық мәслихат депутаты, «Жан-Арай» ЖШС төрағасы Бағдәулет Мақашов азаматтық танытып, себепкер болды.
Кәсіпкердің тартуын облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Куаныш Жанузаков  пен орталық директоры Бауыржан Мастеков  10 оқушыға табыс етті.

 Адамгершілік пен жомарттық сынды адами қасиеттері бар қоғам қашан да алға жылжиды. Ұлы далада ежелден орныққан, халық санасында сақталған мұндай ізгі қасиеттер рухани мәдениетімізді биіктетіп, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырудың жарқын жолына айналды. Осы мейірімділік науқанының жалғасын табуы да соның дәлелі іспетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<