«BIRGE – TAZA QAZAQSTAN» экологиялық акциясы

453

0

Сырдария ауданы көлемінде ауданымыздың санитарлық жағдайын жақсарту, кенттің келбетіне өң беру, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына оңтайландыру мақсатында барлық аудандық қызмет көрсетуші мекемелер, коммуналдық салалар мен мемлекеттік органдардың қатысуымен сенбілік өтті.

Сенбілікте арықтарды тазарту, күл-қоқыстарды шығару, талдарды әктеу, арам шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы сенбілікке 1000-нан аса адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.

«Тазалық – мәдениеттіліктің өлшемі» деген бар. Осы ретте, аудан тұрғындарын аудан көлеміндегі жүргізіліп жатқан санитарлық тазалық жұмыстарына немқұрайлы қарамай, жанашырлық танытып, бірлесе атқаруға шақырамыз!

Тазалық табалдырықтан басталады десек, өз аулаларыңыз бен үй айналасын тазарту аудан ажарына қосқан үлкен үлесіңіз және мәдениеттілігіңіздің белгісі болар еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<