«Болашақ баламен көрікті»

639

0

Биылғы жылды Мемлекет басшысы «Балалар жылы» деп жариялады және де балаларға ерекше назар аудару керек екенін баса айтып өтті. Себебі, балалардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Ал, балаларға  бақытты балалық шақ сыйлау – баршамыздың  міндетіміз.

А.Пушкин атындағы қалалық кітапханада «Қамқорлық» бағдарламасы, «Кітапхана сіздерге жол тартты», «Парасат жолы», «Оқитын ұлт», «Туған жерге туын тіккендер», «Жазғы кітапхана» жобалары, «Сырласу», «Жас шахматшылар» клубтары жұмыс жасайды.

«Жазғы кітапхана» жобасы аясында кітапханада «Болашақ баламен көрікті» атты көрме ұйымдастырылды. Қызықты оқиғаларды баяндайтын әртүрлі бағыттағы кітаптармен таныстыратын «Ертегі ханшайымы» Айжан Болатқызымен бірге ертегілер әлеміне саяхат жасалды.

Ханшайымның ертегі сандықшасынан шыққан қазақ және әлем халақтары ертегілерінің желісі   бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, оқырмандардың кітапханаға деген қызығушылығы артты.

Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізілуіне орай ұйымдастырылған шаралар жалғасын табуда.

Р.ДҮЙСЕНҰЛЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<