Бүгін Дүниежүзілік анестезиологтар күні

484

0

16 қазанда медициналық қауымдастық Дүниежүзілік анестезиолог күнін атап өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл маңызды мамандық дәрігерлерін хирург дәрігерлердің таптырмас серіктері болған «ауырсынуды басатын абзал қорғаншы» деп атайды. Өйткені кез-келген хирургиялық араласудың және инвазивті манипуляцияның сәттілігі мен қауіпсіздігі дұрыс анестезияға байланысты.

«Тек анестезиологтар ауырсынуды басатын дәрілерді шебер таңдап, «жасырын» тамырларды тауып, науқастарды «туннельсіз» анестезиядан шығара алады, бұл тағыда сіздердің бірегейліктеріңізді, шеберліктеріңізді және адалдықтарыңызды көрсетеді.

Құрметті анестезиологтар, реаниматологтар және анестезистер мерекелеріңіз құтты болсын! Қажырлы еңбектеріңіз, ұйқысыз өткізген түнгі кезекшіліктеріңіз, бірнеше сағатқа созылған операцияларыңыз, әрбір пациентке көрсеткен көмектеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби биіктерден көрініп, біліктіліктеріңіздің арта беруін, пациенттердің сіздерге ризашылығын тілейміз», делінген Денсаулық сақтау министрлігінің құттықтауында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<