Чэндуда қазақ асханасын ашқан жас отбасы – шетелдегі қазақ баспасөзі

232

0

Фото: ашық дереккөз

Чэндуда қазақ асханасын ашқан жас отбасы бар – CNR

Қытайдың ең ірі мегаполистерінің бірі Чэнду қаласында қазақтың ұлттық тағамдарын дайындайтын асхана бар, деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосы». 

Аталған басылымның дерегінше, асхананың қожайыны – жас жұбайлар Қасен мен Жұлдыз. Олардың Чэнду қаласына қоныс аударып, кәсіп істеп жатқандарына 3 жылдан асты. Қасен мен Жұлдыз алғаш рет Чэнду қаласына демалуға қыдырып келеді. Аталған қаланың ерекше тартымдылығы оларды өзіне баурайды. Жас жұбайлар бұл қалада барлығы бар болғанымен, қазақтың асханасы жоқ екенін байқайды. Олар осы олқылықтың орнын өзіміз толтырсақ деген ойға келеді. Сөйтіп екеуі жұмыстарын бастап кетеді. Бұрын кәсіптің бұл түрімен айналысып көрмесе де, аз уақыттан кейін қазақтың ұлттық тағамдары бірге басқа да тамақтарды жасауды үйреніп алады. Олар қазіргі уақытта астың қандай түрлері болса да жасай алатын болған. Жұлдыздың айтуынша, бешбармақ яғни, ет асу секілді асхананың негізгі тамақтарын Қасен әзірлейді. Ал бауырсақ, лағман сияқты ас түрлерін Жұлдыздың өзі дайындайды екен. Олардың бұл асханасында қазақтың әртүрлі ұлттық ас түрлерімен бірге Еуропа тағамдары да дайындалады.

Айта кетейік, 20 миллионнан астам халқы бар Чэнду қаласы – Қытайдың Сычуань провинциясының орталығы. Бұл Қытайдағы халқы ең көп төртінші ірі қала.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<