Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарды таныстырды

387

0

🔹Бүгін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді.

🔹Жұмыс сапары барысында Мейрамбек Зинабдинұлы Жалағаш аудандық ауруханасының қызметімен, жаңадан орналастырылған медициналық құрылғылардың жұмысымен танысты. Бұл ретте ем алушы тұрғындар үшін сапалы және уақытылы қызмет көрсету қажеттігін жеткізді.

🔹 Сонымен қатар облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы «ID Senim» ЖШС-нің гемодиализ орталығынның тұрғындар үшін сәтті жоба болғанын айтып, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

🔹Қазіргі таңда аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана,12 дәрігерлік амбулатория,2 фельдшерлік – акушерлік бекет және 2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

🔹Жалпы құны 102,0 млн. теңгені құрайтын «ID Senim» ЖШС-нің гемодиализ орталығы 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Орталықтың негізгі қызметі диализге және трансплантацияға дейінгі ауқымды қамтиды және бүйрек ауруын емдеуге негізделген. Бүгінде аудан тұрғындары гемодиализ орталығының игілігін көруде.

🔹Айта кетейік, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында республикалық бюджеттен 752,8 млн. теңге бөлініп, Мырзабай ахун және Есет батыр ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<