Деректер не дейді?

344

0

Өңірде жалпы халық саны – 832,5 мың адам. Оның 46,9 пайызы қала тұрғындары болса, қалған 53,1 пайызы ауылда өмір сүреді. 2021 жылмен салыстырғанда облыс халқының саны 5,5 мың адамға көбейген.

Сондай-ақ, облыс туу көрсеткіші бойынша республикада 4-орында, күніне орташа есеппен 55 сәби, айына 1600-ге жуық нәресте дүниеге келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық статистика бюросы облыс бойынша департаментінің басшысы Мариям Баекеева айтты.

– Облыста халықты жұмыспен қамту шаралары белсенді жүргізілгені байқалады. Статистикалық зерттеулерге сәйкес, былтыр 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 347 мың адам болды. Ал 15 жастан жоғары азаматтардың жұмыспен қамтылуы 60,8 пайыз, жалдамалы қызметкерлер 66,2 пайыз, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 33,8 пайызды құрап отыр, – деді департамент басшысы.

Деректерге қарғанда, тұрақты жұмыспен қамтылған халықтың көп бөлігі білім беру, көтерме және бөлшек сауда, өнеркәсіп салаларына орналасқан. Сонымен қатар өңірде былтыр 4 828 жас некеге тұрып, шаңырақ көтерді, жылдан-жылға некеге тұрушылар саны артып келеді. Тұрғылықты тұруға 19 881 адам ниет білдірсе, алыс-жақын шет елдерден 20, еліміздің басқа облыстарынан 5 898 адам көшіп келген.

Сондай-ақ, басқа өңірлерге қарағанда қазақтардың басым бөлігі яғни, 96,5 пайызы Қызылорда облысында тұратыны анықталды. Ал Арал ауданында 100 пайыз қазақтар өмір сүреді.

Кәсіпорындар статистикасына келетін болсақ, аймақта 11 270 заңды тұлға тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға өсті. Жалпы өңірде 9 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп тұр.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<