Дүние дүрмек

403

0

Жерге астероид жақындап келеді

Ресейдің екі обсерваториясы жаңа 2022 SE37 астероидін анықтады.

Кочеванчик ауылындағы және Кубан мемлекеттік университетінің телескопымен түсірілген астероидтың диаметрі жарты шақырымды құрайды.

Ғалымдардың айтуынша, ұзартылған орбитада Күнді 3,44 жыл аралығымен айналатын аспан денесі таяу болашақта Жерге қауіп төндірмейді.

Сүйегін еліне қайтарды

Австрия музейі ХІХ ғасырда ұрланған ондаған жаңа зеландиялықтардың сүйегін еліне қайтарды.

Бұл үшін Жаңа Зеландия билігі 70 жылдан астам келіссөздер жүргізген.

Осылайша, Вена музейінде 130 жылдан астам сақталған Жаңа Зеландияның 64-ке жуық байырғы халқының сүйегі отанына оралды. Оларды австриялық таксидермист және қабір тонаушы Андреас Рейшек 1877 және 1889 жылдар аралығында жинап алып кеткен.

Инфляциядан рекорд жаңартты

Түркияда жылдық инфляция 83,5 пайыз болып, 1998 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішке жетті.

Елде қыркүйекте тұтынушылық бағалар өткен жылмен салыстырғанда 83,5 пайыз өсті. Соңғы 12 айда лира долларға шаққандағы құнының 50 пайыздан астамын жоғалтты.

Еске салайық, Түркиядағы инфляция 2021 жылдың күзінде лира күрт төмендеген кезде өсе бастады.

Ұзындығы кісі бойындай клавиатура

Google-дың жапондық бөлімшесі Gboard пернетақтасын жасады. Ерекше пішіндегі пернетақтаның жалпы ұзындығы – 165 см.

Оны сызғыш ретінде де пайдалануға болады. Дегенмен, кез келген адам қолданбаның өзіне ыңғайлы нұсқасын құрастырып алуына болады.

Қоңыр көмір электр станциялары

Германияның бұрын жабылған қоңыр көмір электр станциялары қайта іске қосылады.

Неміс билігінің бұл қадамына энергетикалық дағдарыс себеп болған. Қазан айынан бастап RWE және Leag компаниялары көмірмен жұмыс істейтін қосымша электр станцияларының желіге қосылуына рұқсат берілген.

Дайындаған

Биболат СӘТЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<