Еңбек адамы еліне сыйлы

376

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Кеңес дәуірінде бейнеті көп жұмысты қиынсынбай, касемсот тізгіндеп еңбекке ерте араласқан Қазына Өзденбаева болмысынан мықты, қажырлы, бесаспап жанның бірі. Оның ақындығы бір бөлек, айтыскерлігі, тіршіліктегі төзімділігі талайды таңырқатты.

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын, сатирик-журналист, еңбек ардагері Қазына Мералықызы қонақта болып, өзінің өмір жолын баяндап берді.

– Бұл күннің маңызы зор. Қарттарымызды қал-қадірімізше құрметтеуге тиіспіз. Біздің көрген қиыншылықтарды, келешек ұрпақ көрмесе екен дейміз. Қазір заман тыныш. Лайым солай болғай. Жастайымнан өлеңге қызығушылығым басым болды. Бірі ақын деп таныса, бірі еңбек адамы деп таныды. Екі саладан да жеткен жетістігім аз емес. Мерейімізді өсіріп, ел-жұртпен қауыштырып жатқандарыңызға рахмет. Қазыналы қарттарды құрметтеп жатқан баршаларыңызға алғыстан басқа айтарым жоқ,- деді Қазына Мералықызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<