«Қарасора – 2020» арнайы жедел іс–шарасы аясында «Батыс Қытай–Батыс Еуропа» тас жолының 1998 шақырымында есірткі затын сақтаған 3 күдікті құрықталды.
– Полицейлер жүргізген рейд барысында жол ережесін бұзған жеңіл автокөлік тоқтатылып тексерілді. Автокөліктің салонынан және автокөлік ішіндегі екі жолаушыдан барлығы 1 килограмнан астам есірткі заты – кептірілген марихуана тәркіленді. Күдіктілердің біреуі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынса, екеуіне қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Бүгінгі таңда аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – дейді облыстық полиция департаментіндегілер.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<