Геймификация. Үздік мамандар марапаты

1128

0

Бүгінгі таңда психологияда ұйымдастырушылық адалдық деп аталатын құбылысқа қызығушылық артып келеді, яғни біз қызметкерлердің өзінің жұмыс жасайтын кәсіпорынына деген көзқарасы туралы айтып отырмыз, ол  өзінің жұмыс берушісіне деген адалдығында көрінеді. Қызметкердің өз компаниясына қаншалықты адал екендігі тек кәсіпорын үшін ғана емес, адамның өзі үшін де үлкен артықшылық болып табылады. Ұйымның артықшылықтары белгілі және бетінде жатыр: бұл әр қызметкердің өнімділігі мен тиімділігі, сондықтан бүкіл өндіріс. Алайда, қызметкерлер үшін олардың кәсіпорынға деген адалдығы да сәттіліктің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл жұмысқа деген қызығушылықты, дамуға деген ұмтылысты, тұтас бөліктің бір бөлігі болуды тудырады.

Кәсіпорынға адал қызметкер әр дәйім өзінің кәсіби шеберлігі ұштауға ынталы болады. Жұмыс беруші де өзінің қызметкерінің осындай болғанын қалайды. ХХІ ғасырда, «Ақпараттық қоғамда», еңбекті ынталандыру мен еңбек процесін бақылау бір-біріне қарама-қайшы тенденциялар. Бір жағынан, қызметкердің білім деңгейінің көтерілуі мен еңбекте өзін-өзі көрсетуге ұмтылуы кәсіпорынның алдына қатал бақылау схемаларын қолданбау керек деген міндет қояды. Екінші жағынан, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы менеджментке еңбек процесін бақылаудың жаңа мүмкіндіктерін береді. Бұл операцияларды автоматтандыру, алгоритмдеу мен қызметкердің жұмысын мониторингтеу арқылы жүзеге асады.

Осындай жаңа бақылау тәжірибесінің бірі – геймификация (gamification), яғни ойын механикасын ойын емес процестерде қолдану. Геймификация қызметкерлердің еңбек мінез-құлқына оларды ойынға еліктіру арқылы әсер ету. Корпоративті бағдарламалық қамтамасыз ету немесе әлеуметтік желі көмегімен компания қызметкерлеріне еңбек процесімен байланысты тапсырмаларды орындау немесе онлайн-квестерді өту ұсынылады. Қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас бәсекелес күрес ретінде дамиды. Ойын барысында қызметкерлер сыйақы алып отырады.

Осы мақсатта өңірімізде алғашқылардын бірі болып «Геймификация» бағдарламасын қолданысқа еңгіздік. «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорацияның облыстық филиалы бойынша тамыз айында барлық Халыққа қызмет көрсету фронт-офистерінде құжат қабылдауда жоғары нәтиже көрсеткен мамандар филиал директоры Айнұр Шорабекқызының арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Фронт-офистерді үйлестіру басқармасының талдауы бойынша үздік мамандар анықталып, алдағы уақытта олардың жұмыс көрсеткіштері жоғарғы деңгейде болуы үшін және басқада қызметкерлер осы көрсеткішке жетуі үшін ынталандыру шаралары жүргізілді.

Жұмыста жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлердің ата-аналарына филиал басшылығы тарапынан алғыс білдірілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<