Халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

442

0

Дүниежүзіндегі шығармашыл қазақ жасөспірімдері арасында өткен «Менің тұлғам» атты І халықаралық шығарма байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.

Бір ай ішінде info@kazunite.com электронды поштасына Қазақстанның барлық өңірінен және АҚШ, Түркия, Моңғолия сынды елдерден 100-ден аса материалдар жіберілген.

Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы №105 А.Жанпейісов атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Дильназ Алмасбекова жеңіс тұғырынан көрініп, І орынға ие болды.

№105 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Алмасбекова Дильназдың ұстазы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жазира Серпенова.
Әріптесіміз бен шәкіртімізді шын жүректен құттықтай отырып, зор шығармашылық табыстар тілейміз!!!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<