Халыққа қызмет көрсету орталығы сенбі күні жұмыс істейді

867

0

Қызылорда облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары сенбі күні де жұмыс істейтін болды. Жұмыс күндері ХҚКО азаматтарды сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін қабылдаса, сенбі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Айта кетейік, сенбі күні Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі және әкімшілік полиция мамандары 13:00-ге дейін жұмыс атқарады.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында ХҚО-ға Ashyq қосымшасы арқылы және медициналық маскалардың болуы талап етіледі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» тұрғындарды «электрондық үкімет» онлайн-сервистерін белсенді пайдалануға шақырады.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтердің 645 түрі (мемлекеттік тізілімдегі 690 қызметтің ішінде) электронды түрде қолжетімді, клиенттер оларды өздері ала алады:

  • eGov.kz электронды порталы;
  • eGov Mobile мобильдік қосымшасында;
  • Telegram мессенджеріндегі бот арқылы (@Kenes1414Bot);
  • Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілерінің мессенджерлері арқылы (жеке хат алмасу).»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<