Юрий Ильин: Жарылыс салдарын жою үшін тағы 2-3 күн керек

638

0

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин БАҚ өкілдеріне Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою үшін қанша күн керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда екі қоймада бықсып жатқан ошақтар бар. Осы мәселе бойынша жиналыс өткіздік. Қорғаныс министрлігінің саперлері мен өрт сөндіру қызметі аталған ошақтарда жұмыс істеп жатыр. Жарылмай қалған оқ-дәрілер бар. Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері бықсып жатқан ошақтарды өшіру үшін су тасып, эвакуацияланған тұрғындарды үйлеріне қайтарумен айналысып жүр. Оқиға орнында мүлікке келген залады бағалайтын комиссия жұмыс істеп жатыр. Менің ойымша, жақын күндері олар қираған мүлікті қалпына келтіруге кіріседі. Қауіп толық сейілмегенін ескерсек, оқиғаның эпицентрінде қайта жарылыс болуы мүмкін. Теміржол бойынша жүк тасымалы тоқтап тұр. Ал жолаушылар тасымалы бүгін шешілуі керек деп ойлаймын», – деген министр лі де асығуға болмайтынын түсіндірді.

«Мұның бәрі жалпы ахуалға байланысты. Өйткені қирандыларды аршып, тазарту үшін біраз уақыт керек, көп шығын кетеді. Онда оқ-дәрімен жұмыс істеп жатқан саперлердің амандығы маңызды екенін түсінетін шығарсыздар. Бетін әрі қылсын, асығыстық жасап, оларды қауіпке итермелей алмаймыз. Жарылыстың салдарын толық жою үшін арнайы жұмыс тобымен, әкімдікпен, Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, тағы екі-үш күн жұмыс істеу қажет болады деп ойлаймын», – деді Юрий Ильин БАҚ өкілдеріне.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<