Көл күтімсіз қалмайды

289

0

30 қараша күні Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылдық округіне қарасты «Өзгент» көлінде ондағы тіршілік иелерін және олардың мекендейтін ортасына жанашырлықпен қарау мақсатында көл бетіне қатқан мұзды ою (үкі) жұмыс­тары атқарылды.

Аталған көлді пайдаланушы О.Асылбаевтың атап өткеніндей, бұл іске Жаңақорған орман және жануарлар дүние­сін қорғау мемлекеттік мекемесінің орманшылық басшысы Бектөре Қасымбеков, және осы мекеменің ихтиологі Қуаныш Әбілқасымов, Өзгент ауылдық округіне қарасты Ақсуат елді мекенінің тұрғындары, табиғат жанашырлары Шайхиддин Тілеубергенов, Ақылбек Әділханов және Едіге Каюпов қатысып, белсенділік көрсетті.

Әрине, мұзға ойық салу – оның астындағы балықтардың оттегі жетпеуінен қырылуына жол бермеу. Бұл бағыттағы жұмыстар көл бетіне қатқан мұз еріп кеткенше жалғаса беретін болады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<