Көмір тапшылығы жоқ

154

0

Облыс бойынша жылу беру маусымына 238 мың тонна көмір қажет. Оның 205 мың тоннасы облыс тұрғындарына, 33 мың тоннасы әлеуметтік нысандарға тиесілі. Бүгінге дейін өңірге 124,6 мың тонна көмір жеткізілді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің түсірілім тобы қаладағы көмір қоймасына барып, жауапты сала маманынан сұхбат алды.

– Қазіргі таңда қала және аудандардағы көмір қоймаларында нақты 26,6 мың тонна қатты отын қоры бар. Қазіргі таңда халыққа көмір сатумен 41 аймақтық оператор жұмыс істейді. Көмір бағасы маркаларына сәйкес 17-22 мың теңге аралығында сатылуда. Облысқа күні кеше барлығы 12 вагон көмір түсірілді. Жолда тағы 73 вагон қатты отын қоры келе жатыр. Осы ретте көмірге байланысты тапшылық жоқ екенін айтқым келеді, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Руслан Тәуекелов.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<