Көне ғасыр күмбірі

1226

0

Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен, «Көне ғасыр күмбірі» атты жыр-термеші ардагерлер арасында облыстық байқау өтті.

Байқау барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев жыр-терменің қоғамдағы маңызына  кеңінен тоқталды.

Облыстың барлық қала аудандарынан шақырылған ұлттық өнерді дамытып, жыр-терменің тәрбиелік мәнін дәріптеп жүрген ардагерлер сахна төрінде бақ сынады. «Дала өркениетінің көне мәдениеті», «Ескірмейтін есті сөз» кезеңдері бойынша өнерлерін көрермен қауымға паш етті.

Жыршы Б.Саймағамбетов тартымды жүргізе отырып, белгілі өнер иелері, жыршылар Р.Ахметов, Ш.Биімбетова, А.Ноғайбаева қазылық еткен байқау қорытындысында жыр-терме аймағы, Қармақшы ауданынан келген қос термеші Қ.Кәрібаев пен А.Асқарбаев 1-2 орын иеленсе, жүлделі 3-орынды қызылордалық А.Шобанбаев иеленді.

Жүлдегерлер облыстық ардагерлер кеңесінің арнайы дипломы мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Қалған қатысушылар Алғыс хат және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<