Көшпелі отырыста су тапшылығы мәселесін талқылады

213

0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін Қызылордада өткен «Су ресурстары: сумен тұрақты қамтамасыз етудің проблемалары мен перспективалары» тақырыбындағы көшпелі отырыста облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңірінде қалыптасқан суармалы су тапшылығы мәселесін көтерді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екендігін атап өтті.

Айта кету керек, «Арал-Сырдария» бассейні мемлекеттері Сырдарияның төменгі ағысына су жіберу бойынша қабылдаған міндеттемелерін әрдайым орындай бермейді. Мәселен, 2023-2024 жылдары мемлекетаралық үйлестіруші комиссияда «Шардара» су қоймасына 2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың 1 ақпанына дейін 6,9 млрд. текше метр су түсетіні болжанса, оның 76 %-ы ғана, яғни 5,3 млрд. текше метрі түсті. Бүгінде «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінде жинақталған судың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд. текше метрге аз. Арал теңізі мен маңындағы көлдер жүйесінің тартылуы – күрделі мәселе. Соңғы 12 жылда Арал теңізінің суы 6,2 млрд. текше метрге азайып кеткен», – деді аймақ басшысы.

Нұрлыбек Машбекұлы түйткілді мәселелердің кезек күттірмейтінін назарға салып, шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға шақырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<