Конкурсқа қатысыңыз!

305

0

Қызылорда қаласында орнатылатын Үш би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) ескерткішінің эскиздік жобасына конкурс жарияланады.

Конкурстың мақсаты – ескерткіш бейнесін ашатын, аса мәнерлі мүсіндік көркемдік шешімді анықтау. Ұсынылған жобалар жоғары идеялық шешімде және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс.

1. Конкурстың бағдарламасы

Конкурстық құжаттардың құрамы және оларды рәсімдеуге

қойылатын талаптар

1. Конкурстық материалдар құрамында ұсынылатын құжаттар:

– жобаның қасбеттері және оның орналасу сызбасы, бас жоспары қамтылған альбом немесе планшет,

– жобаның жұмсақ материалдан әзірленген эскиздері – Н-0,50-0,60 см,

– жобаның көркемдік шешімі мен кеңістікті ұйымдастыру қағидалары және негізгі идеясы мазмұндалған 2 дана қысқаша түсініктеме жазба.            

2. Жобаның орналасу сызбасы Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісілуі тиіс.              

3. Көрнекті түрде назарға ұсыну үшін барлық материалдар электрондық нұсқада қосымша ұсынылады.

2. Конкурстың шарттары                         

4. Конкурсқа қатысуға мүсіншілер және авторлық ұжымдар шақырылады.

Орнатылатын орны: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29. Қызылорда облыстық соты ғимаратының алды.

Ескерту: Орнатылуы жоспарланған ескерткіш (2.5 натуралдық өлшемде) және оның тұғыры тұтас граниттен дайындалады.

5. Конкурсқа ұсынылатын материалдар Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссияда қаралып, аталған комиссияның ұсынысымен Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылатын болады.

6. Авторлар конкурс материалдарын «Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ-не 2024 жылдың 30 маусымына дейін ұсынулары қажет.     

7. Жобаға қосымша желімделген конвертте авторлардың аты-жөні, тегі және жобаға түсіндірме көрсетілген жазба ақпараттық парақ тіркеледі.

8. Конкурс шарттары сақталмаған жобалар байқауға жіберілмейді және комиссияда қаралмайды.

9. Бағдарлама және конкурс шарттары бойынша ақпарат алу үшін төмендегі мекенжайға хабарласуға болады: 120001, Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі №21, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ. Тел: 8 (7242) 27-77-55; e-mail: gokr@korda.gov.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<