Әлемдегі ең бақытты ел белгілі болды

214

0

Финляндия БҰҰ нұсқасы бойынша әлемдегі ең бақытты елдердің көшін бастап тұр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

БҰҰ World Happiness Report жыл сайынғы баяндамасында ІЖӨ, жемқорлық, еркіндік, өмір ұзақтығы, әлеуметтік қолдау сияқты көрсеткіштерге сүйене отырып 156 елдің ішіндегі ең бақытты мемлекеттерді атайды.

Былтыр 5-орыннан көрінген Финляндия биыл Норвегияны кейін сырғытып, рейтингте көш бастап тұр. Алғашқы ондыққа Норвегиядан басқа Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланд, Канада, Жаңа Зеландия, Швеция және Австралия мемлекеттері кіреді екен.

Ең бақытсыз елдер ретінде Оңтүстік Судан, Орталық Африка Республикасы және Бурунди танылған.