Мектеп аумақтарына 8070 түп ағаш отырғызылды.

1007

0

            Халық арасында қолдау тапқан «Birge – TazaQazaqstan» экологиялық акциясы аясында  наурыз айынан бастап, облыс елді мекендерінде санитариялық-тазалық, көркейту және көгалдандыру шаралары басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Оспанов айтып берді.

     Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасы бойынша «Таза табиғат» ұлттық жобасы қолға алынды.

            Наурыз мейрамының қарсаңында, Мемлекет басшысының орман қорында 2 млрд. ағаш және қалалар мен елді мекендерде 15 млн. ағаш отырғызу жөніндегі бастамасын іске асыру жұмыстары басталды.

            Бұл шара шеңберінде «Мекенім – жасыл елім», «Бұл менің ағашым» акциялары өткізілді.

            «Мекенім – жасыл орманым» жалпыұлттық ағаш отырғызу акциясында орман қоры жерлерін ұлғайту мақсатында Арал теңізінің ұлтанында 180 мыңнан астам сексеуіл отырғызылды. Бұл жұмыстарға 30 дан астам орман қызметкерлері мен 5 техника жұмылдырылды.

            Осы акцияға қала, аудан елді мекендерінде 7270 астам адамжұмылдырылып, нәтижесінде жергілікті жерге жерсіндірілген 20 мыңнан астам сыр талы, қара ағаш, жеміс көшеттері отырғызылды.

            Осыған орай өскелең ұрпаққа табиғатты аялауды және қорғауды үйрету мақсатында мектеп оқушылары арасында «Бұл  – менің ағашым» / «Это – мое дерево» атты ағаш отырғызу челленджі ұйымдастырылып, мектеп аумақтарында 8070 түп ағаштар отырғызылды.

            «Су-өмір нәрі», «Таза су айдындары» акцияларында облыстағы су айдындары, су араналары мен каналдар тұрмыстық қалдықтардан, қоқыстардан тазалау жұмыстары жүргізілді.  

            «Таза аула-таза табиғат» және «Бірге-Таза Қазақстан» жалпы республикалық сенбіліктерінде өңір тұрғындары, еріктілері экобелсенділер санитарлық тазалық, көркейту және абаттандыру жұмыстарын ұйымдастырды. Нәтижесінде полигондарға 125 тонна қалдықтар шығарылса, 88 шақырымға жуық арықтар мен аяқ су жолдары тазаланды. Акцияға 170 тен астам техника мен 800 ге жуық мекемелер жұмылдырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<