Мерекеде мұғалімдер марапатталды

343

0

Тәуелсіздік мерекесінің 27 жылдығына орай облыс орталығындағы №264 мектеп-лицейде «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты жиын өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов қатысып, бұл күннің ең маңызды мереке екенін атап өтті. Үш жүздің басын біріктіріп, батыр бабаларымыз аңсаған азаттықты жариялап, шекараны шегендеп, асқақ Астананы салу, қазақты әлемге таныту Нұрсұлтан Назарбаевтай ұлт көшбасшысының бастауымен жүзеге асты. Қала әкімінің орынбасары рухы биік қазақтай ұлттың бүгінгі ұрпағына білім мен тәрбиені қатар сіңірген ұстаздарды, жиналған жұртшылықты осындай айтулы мерекемен құттықтады.

Жиында Сыр елінің перзенттері, Парламент депутататтары Мұрат Бақтиярұлы мен Наталья Жұмаділдаеваның аймақ ұстаздарына Ақордадан жолдаған бейнеқұттықтауы көрермен назарына ұсынылды. Сондай-ақ, бірқатар мұғалімдер «Астана 20 жыл», «Қызылорда қаласына 200 жыл»  мерекелік медальдерімен, Ы.Алтынсарин төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапатталды.

Салтанатты шара концерттік бағдарламаға жалғасты.  

А.НҰРТАЙҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<