Мерекедегі марапат

1002

0

Қазақстанда Жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсіби мерекесі наурыздың екінші сенбісінде атап өтіледі. Аталған жұмыс істейтін мамандардың жауакершілігі зор. Әділдікті, нақтылықты, заңдылықты ту еткен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясында қазір 100-ге жуық жерге орналастырушылар, топырақтанушылар, геодизист мамандар бар.

Корпорацияға жер кадастрының біріккеніне де биыл 5 жыл толды. Мемлекеттік корпорация жер кадастры бойынша монополиялық қызметтердің 13-ін және жерге орналастыру жұмыстарының 11 түрін көрсетеді. Өткен жылы карантиндік шектеулерге қарамастан 16 411 қызмет халыққа қызмет ұсынылған.

Кәсіби мерекеге орай бүгін ұжым қызметкерлері марапатталды. Оның ішінде 30 жылға жуық жерге орналастырушы ретінде қызмет атқарып келе жатқан Перизат Жанмолдаева облыстың Құрмет Грамотасымен марапатталса, Е.Ескалиев, Зухра Даумова , С. Аманбаев, Т.Жаримбетов, А. Сақтағанова, С. Сарсембаев, Ә. Айназаров, И. Ахметов, А. Ембергенова, А. Есназаров облыс әкімінің алғыс хаттарын иеленді.

Филиалдың өзге де үздік деп танылған жерге ораналастырушы мамандарына филиал директорының алғыс хаттары табыс етілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<