Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау туралы

160

0

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы орны ерекше. Олардың қоғамдағы жағдайлары ойландыратын мәселелердің бірі болып табылады.

Осы орайда мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті органдарға  жұмыс орындарының квотасын белгілеу міндеттелген.

Сәйкесінше, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары» (ары қарай-Қағида) бекітілген.

        Қағида талабы бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұйымдарда квота белгілеу бойынша ұсыныстарды әзірлейді. Ұсыныстар өз кезегінде өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар саны, жұмыскерлердің штат саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік саны, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтерді талдау  арқылы халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыз мүгедектердің саны негізінде қалыптастырылады.

         Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарында құрылмайды.

          Квота жергілікті атқарушы органдармен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін белгіленеді.

         Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынуы тиіс.

        «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 17-бабы 4-тармағының 1 тармақшасына сәйкес, квота шеңберінде медициналық қорытындыға сәйкес еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер жұмысқа орналастырылады.

            Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңында қызметке кірудің ерекше жағдайлары мен лауазымға тағайындаудың тәртібі айқындалған жағдайларда квота белгіленбейді.

        Сонымен қатар, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектердің саны жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.

         Елді мекендерде еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ еңбек етуге қабілетті жастағы мүгедектер болмаған кезде, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.

          Жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған белгіленген квотаны орындауы тиіс.

        Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына бекітілетін нысан бойынша алты айдан кем емес мерзімге жасалған еңбек шартымен жұмыс берушінің бос немесе белгіленген квота шеңберінде ұсынылған жұмыс орындарына мүгедектерді жұмысқа орналастыруы туралы мәліметтер ұсынуы квотаны орындау болып табылады.

         Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын, оның ішінде, мүгедектер үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамауы үшін жауапты тұлғаны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 98 бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартуға әкеп соғады.

 Қызылорда облысының

 еңбек саласындағы

 бақылау басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз