Мұнай компанияларының үлесі

756

0

Мұнай компаниялары коронавирус инфекциясымен күресте медицина мекемелеріне қажетті медициналық қондырғылар алып беріп,  басқа да көмек көрсетуде.

Мысалы, «KAZPETROL GROUP» компаниясы халықаралық холдинг ұйымдастырған «Kusto Help» қоры арқылы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына Оңтүстік Кореяда шығарылған BM5, Bionet Cо. Ltd. көпфункционалды төсек жанына орналастырылатын пациент мониторының 20 данасын алып берді. Жалпы құны 34 млн теңгеден асады. Тапсырысты орындаушы «Ordamed Kyzylorda» компаниясы ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлік станцияны (BM Central) ақысыз ұсынды. Бұл медициналық маманға бір мезгілде бірнеше науқастың жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар барлық жабдықты орнатып, қосымша қызмет көрсетуге 37 айлық кепілдігі бар.

«Құмкөл Транс Сервис» компаниясы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасын қытайлық 80 «НК-400 ІІІ» шприцті сорғымен қамтамасыз еткен. Бұл құрал қарқынды терапияда науқастарға дәрілік препараттардың қажетті мөлшерін барынша дәл өлшеуге мүмкіндік береді.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасын жалпы құны 24,5 млн теңгені құрайтын оттегі терапиясының 10 жаңа қондырғысымен жабдықтаған.

«ҚазГермұнай» компаниясы облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы вакциналарды сақтау және тасымалдау үшін жылжымалы 13  мұздатқыш, 20 дана штавтохолодильник алып берген. Сонымен қатар, қалалық аурухананы жоғары дәлдіктегі оттегі терапиясының 10 аппа­ра­тымен («O2FLO» жылытуы бар жоғары ағынды тыныс ылғалдандырғышпен) қамтамасыз еткен.

«ҚОР» мұнай компаниясы тарапынан да қайырымдылық көмек көрсетіліп, 33,5 млн теңге қаржы бөлінген.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<