Музей – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы

603

0

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар», – деген болатын.
Осыған орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылған «Өзгерістерді өзіңнен баста!» кіші бағдарламасына сәйкес департамент қызметкерлері облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы тарихи жәдігерлермен танысып, еліміздің, аймағымыздың тарихы мен тұлғалары туралы мағлұматтар алды.
Музейге саяхат агенттік төрағасының орынбасары А.Шайымованың Сыр еліне жұмыс сапары барысында өткізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<