Мұз жағдайларына мониторинг жүргізді

464

0

Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншин ауданына келгеннен кейін Қызылорда құтқарушылары бірден аумақты және қауіпті жерлерді тексеру үшін жұмысқа кірісті. 2018 жылғы 7 сәуірде құтқарушылар Рощенский, Макашевка, Краматукровка, Красная поляна, Глубокая, Озерная және Құмдыкөл көлінің аудандарындағы ауылдық округтердің мұз жағдайларына  мониторинг  жүргізді.

2018 жылғы 8 сәуірден бастап Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің және ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары халықпен профилактикалық жұмыстарды жүргізуде. Жұмыс барысында құтқарушылар тұрғындарға жадынамалар мен нұсқаулықтар таратты, сондай-ақ  су тасқыны мен су басу кезіндегі қауіпсіздік іс-қимыл ережелері туралы Келлеровка ауылдық округінің тұрғындарының есіне салды. 2018 жылғы 10 сәуірдегі осындай үгіт-насихаттық іс-шара барысына Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншин ауданы Келлеровка ауылдық округінің 30 үйі мен 63 тұрғыны қамтылды.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<