Облыс әкімінің құттықтауын жеткізді

316

0

Фото: Шиелі ауданының әкімдігі

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Нұржан Ахатов және аудан әкімінің орынбасарлары Болатбек Ысмағұлов пен Ерсұлтан Апетов аналардың отбасыларына барып, облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының ыстық ықыласы толы құттықтауы мен мерекелік сый-сияпатын табыстады.

Аудан әкімі 97 жастағы «Алтын алқа» иегері Ауаш Еспанованы 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Ал, 96 жастағы тыл ардагері Майра Бірімжанованы аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов құттықтаса, 89 жастағы тыл ардагері, 7 баланың анасы, «Алтын алқа» иегері жуантөбелік Наужан Бекайдарованы аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов арнайы құттықтап, шаңырағына барды.

Аналар арнайы құттықтап келген азаматтарға алғыстарын айтып, ақ батасын берді.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<