Оюлар жинағы жарыққа шықпақ

1105

0

Фото: ашық дереккөз

Жуырда оюлардың каталогі шығады. Жинаққа оюдың 700-ден астам түрі енгізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«Қазақ мәдениеті мен өнерінің жұмбағы толық ашылмаған бағыттарының бірі – ою-өрнек. Тіпті, оюларды жеке бір әлем деп айтсақ та болады. Әр оюдың өз атауы мен мағынасы бар, ал бір-бірімен жалғасқанда олар бір жасырын үндеу секілді мазмұн беруі мүмкін. Балбалтастарды суретке түсіріп жүргенімде ою тақырыбы да кенет қызықтырып, он жыл осы бағытта іздендім. Сол ізденістің бір нәтижесі ретінде жуырда оюлардың каталогін шығарамыз. Бұл жинаққа оюдың 700-ден астам түрі енгізілді», – деп жазады Ерлан Қарин.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<