Отбасы – ұлт тірегі

1734

0

Облыстық Жастар ресурстық орталығы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бірлесе ұйымдастыруымен «15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне» орай «Отбасы – ұлт тірегі» атты облыстық жас отбасылар форумы өтті.

 Форумға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Нұртайұлы, Жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Тілес қатысып, отбасылық тәрбие негіздері, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру мәселелелеріне кеңінен тоқталды.

Қоғамның назарын отбасы проблемаларына аудартып, жанұя құндылықтарын тәрбиелеу және нығайту мәселелерін қозғаған форумның басты мақсаты – жас отбасыларға жан-жақты қолдау білдіру, өзара түсіністікті нығайтып, отбасы институтын қайта жаңғырту, ұлттық менталитетке негізделген жүйе мен келісім қалыптастыру болды.

Форумда сөз алған «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шакизат Қаратайұлы аталған ұйымның соңғы екі жылда өскелең ұрпақтың мәселелерін шеше алатын алаңға айналып үлгергенін айтып, қоғамдық бірлістіктің атқарған жұмыстарымен таныстырды.

Сонымен қатар, жастар орталығының психологы Г.Ғабитқызы ерте жастан ана атану, ажырасу, отбасындағы кикілжің секілді отбасылық өмірдің түйткілді мәселелерін сөз етіп, жастарға психологиялық кеңес берді.

Шара барысында А.Пушкин атындағы орталық кітапханасы «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Форум соңы онерпаз жастардың әсем әні мен биіне жалғасты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<