Отбасын қолдау орталығы ашылды

317

0

Бүгін Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойы аясында ауданда бірқатар әлеуметтік нысандар тұрғындар игілігіне пайдалануға берілуде.

Мерейтой аясында салатанатты түрде ашылып, пайдалануға беріліп жатқан тағы бір нысан – Әйтеке би кентіндегі «Отбасын қолдау орталығы» ғимараты.

Жаңа нысанның ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет сөз алып, барша қазалылықтарға мерейтойға орай жылы лебізін жеткізіп, орталықтың ашылу рәсімімен құттықтады. Мейрамбек Зинабдинұлы өз сөзінде бүгінгі таңда аймағымызда отбасылық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрімізді жастар арасында насихаттайтын рухани орталықтардың көптеп ашылып жатқанын да тілге тиек етті.

Облыс әкімінің орынбасарынан кейін ҚР Құрметті құрылысшысы, қаржы және кеден саласының полковнигі, жерлесіміз Алмас Тілеубаев пен аудан тұрғыны Шұғыла Абашева құттықтау сөз сөйледі.

Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет пен аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бастаған құрметті қонақтардың қатысуымен орталықтың лентасы салтанатты түрде қиылып, қонақтар жаңа ғимаратпен танысты.

Айта кетейік, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен ашылып отырған бұл орталықтың ішінде кәсіппен айналысамын деген тұрғындарға арнайы курстар оқытылып, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының қолдауымен гранттар бөлінеді. Сонымен қатар жас жеткіншектер үшін ойын бөлмелері ашылып, онда дифектолог, психолог, социолог мамандар жұмыс жасайды. Ал ардагерлер үшін арнайы бөлме ашылып, онда газет-журналдар, жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары, кітаптар жинағы қойылып, тоғызқұмалақ, шахматтан үйірмелер де ашылмақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<