Пробация есебінде тұрған азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

293

0

Фото: ҚАЖ департаменті

Қармақшы аудан прокурорынын 12.01.2024 жылғы Nº1 р/6 санды өкімімен құқық қорғау жене жергілікті атқарушы органдарынан тұратын жұмысшы топ кұрылды.

Топ кұрамына прокуратура, пробация, полиция, жұмыспен қамту, медицина, білім бөлімі, Мансап және жастар ресустық орталығы, жеке сот орындаушысы енгізілді.

Топтың мақсаты Қармақшы ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтармен қайта қылмыс жасаудын алдын алу және оларға әлеуметтік құқықтық көмек түрлерін көрсету.

Яғни, жұмысқа орналастыру, медициналық жане психологиялык көмек көрсету, қайрымдылық және құқықтық көмек көрсету, мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар беру, мәдени және спорттык іс-шараларга тарту, түрлі тренингтер мен кездесулер өткізу, мекен-жай бойынша жұмыс жүргізу сынды жұмыстар жүргізіледі.

Өкімнің талаптарына сәйкес, 17 тармақтық жоспар кұрылып, топтын жұмысын таныстыру және пробация  есебінде тұрган азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесуге пробация есебіндегі азаматтар және топ мүшелері катыстырылды.

Кездесуде, жұмыспен қамту бөлімі ауданымызда кандай кәсіп түрлерін бастаған жөн және оның несиелендіру жолдарын және азаматтардың жұмыссыз есепке алынуынан бастап жұмысқа  орналастырылуға дейінгі процессін тусіндірді.

Ал, Мансап орталығы азаматтардын қайтарымсыз грант, кәсіпкерлікті дамытуға және бастауға арналған несиелендіру жөнінде жеткізсе, білім, мәдениет және спорт бөлімдері өз салалары бойынша мағлұмат берді.

Аудан прукуроры, қатысушыларға қандай бір көмек қажет болған жадайда пробация кызметі аркылы топтың қызметіне жүгіне алатындығын, дегенмен өздері тарапынан жаза өтеу тәртіп бұзушылықпен, қылмысқа бармау керектігін жеткізіп, оларға жаза өтеу тәртібі мен талаптары, міндеттері мен жауапкершілктері түсіндірілді.

Нұрсұлтан Ниязов

Қармақшы аудандық

Пробация инспекторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<