Психолог кеңесіне жүгінді

603

0

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің психолог мамандары сотталған азаматтарға «Қарым-қатынас, өзара іс-қимыл және өзара түсіністік» тренингін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жазасын өтеуші азаматтардың мінез-құлқын сырттай бағалап, өзгелермен қарым-қатынасын түзету.

– Тренинг барысында көптеген сотталушы жан дүниесіндегі сырымен бөлісіп, ішіндегі өшіп бара жатқан «махаббат, жылулық, адалдық» сезімдерінің бір ұшқыны болса да қалғанын айтты. Тіпті, көз жасына ерік бергендер де болды. Әрине, қиын жағдайды бастан өткеріп жатқан жандарға ашылып сөйлесу үшін бұл тағы бір мүмкіндік. Өз ойларын ашық айтып, сергіту сәтінде өздерін еркін сезінгендері бізді қуантты, – деді психолог Салтанат Сейілбек.

Шара барысында жазасын өтеуші азаматтарға «Мен кіммін?», «Жылыту», «Үш сөз» тренинг жаттығуларын ұйымдастырды. Қорытындылау барысында шеринг әдісі қолданылды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<