Психологиялық қолдау  бөлмесі ашылды

880

0

Облыстық онкология орталығында  «Пациенттерге психологиялық қолдау көрсету бөлмесі» ашылды.

Салтанатты рәсімде  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит  Пазылов, «Мансап» мектебінің директоры София Абдуразақова  жиылған қауымды орталықтың ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Одан соң онкология орталығының бас дәрігері Нұржамал  Мырзағалиева  ерекше бөлмедегі көрсетілетін қызмет түрлерін  таныстырып,  емделушілерге сыйлықтар үлестірді, дәмнен ауыз тигізді.

Бұл бөлмеде  қатерлі ісікке шалдыққан пациенттерге психологиялық көмек көрсетумен қатар, түрлі ойындар ойнатылып, сурет салу, бояу беттері бұрышы, арттерапия, музыкатерапия сынды демалыс орындары қызмет көрсетеді. Сонымен бірге емделушілерге түрлі табиғи шай ішуге де жағдай жасалатын болады. Қысқаша айтқанда, науқастардың күйзеліске түспей, ем алуына көп көмегін тигізеді деп күтілуде.  Алдағы уақытта орталықтан оңалту бөлімін ашу жоспарлануда.

Жалпы өңірімізде онкологиялық ауруларды емдеу, алдын алу, ерте сатысында анықтау сияқты жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, биылдың өзінде орталықтан 3368 науқас ем алса, оның ішінде тәулік бойғы стационарда 2724, күндізгі стационарда 644 науқас емделіп шыққан.

 «СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<