ПТР тестілеуді кімдер тегін тапсырады?

1190

0

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратов ПТР тестілеу тегін жасалатын санаттарды айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Егер тұрғындардан жедел респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) симптомдары байқалса, оларға ПТР анализ тегін жасалады. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша сол науқастармен байланыста болғандарға да ПТР сынағы тегін жасалады. Сосын аптасына бір рет жүкті әйелдерді арнайы тексеріп отырамыз. Ол да тегін болады. Қалған жағдайда егер адамдар өзі тексерілгісі келсе, шетелге шығатын болса, еңбек демалысынан кейін жұмысқа шықса, ПТР сынақты өз қаражатына тапсыруы керек», деді Т.Мұратов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<