Қала толық сүріліп, қайта салынады

413

0

Фото: ашық дереккөз

Түркияның Газиантеп провинциясындағы Нұрдағы қаласы толығымен сүріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін провинцияның губернаторы Осман Билгин осындай шешім қабылданғанын жария етті.

Жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Газиантептің Нұрдағы қаласы 100 пайыз сүріліп, қайтадан салынады.

Бүгін – зілзаладан кейінгі сегізінші күн. Қазір мұнда үйінді мен қоқысты жинастыру және іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр.

– Біздің бүкіл жедел топтар бірге жұмыс істеп жатыр. Әрқайсысы өз үлесін аянбай қосып келеді. Нұрдағы қаласындағы соңғы 8 пәтерде жұмыс жалғасып жатыр. Біз көп адамнан айырылып қалдық. Дегенмен бұл апатқа да шамамыз келгенше қарсы тұрамыз, – деді губернатор бүгін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<