«Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімі 2022 жылға ұластырылады

633

0

«Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімі 2022 жылға ұластырылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Пандемия кезінде мемлекет азаматтарға және кәсіпкерлерге ауқымды әрі жедел қолдау көрсетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Оны жүзеге асыру барысында 3,5 мыңнан астам жоба іске қосылды. Сондай-ақ 70 мын жұмыс орны ашылды. Өндірілген өнім мен қызметтің жалпы құны 3,5 трлн теңге болды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізді», – деді ҚР Президенті.

Алайда, Мемлекет басшысы бүгінгі ахуалдың әлі де күрделі екендігін ашық айтты «Сондықтан мен «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылдадым. Бұл мақсатта бөлінетін қаржының көлемі кемінде 1 трлн теңге болады», – деді Тоқаев.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<