Қармақшыдағы мектепке Елеу Көшербаевтың есімі берілді

517

0

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы қаулыға қол қойды.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. Қызылорда облысының мынадай білім беру ұйымдарына: 

1) Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мүлкаман Қалауовтың есімі; 

2) «Қармақшы аудандық білім бөлімінің № 80 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Темірбек Жүргеновтің есімі; 

3) «Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№ 279 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Елеу Көшербаевтың есімі; 

4) Жалағаш аудандық білім бөлімінің «№ 201 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі берілсін. 

2. Қызылорда облысының мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарының атауы: 

1) Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 

2) Қазалы аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қазалы аудандық мәдениет Орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазалы аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілсін. 

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

BAQ.KZ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз