Қаршадай қызын далаға қуған астаналық әйел не үшін ондай әрекетке барғанын түсіндірді

665

0

«Анамын ғой енді. Қатты өкінемін. Қатты ашумен істедім. Қалай істегенімді өзім де білмеймін. Бірақ ол тірлігіме өкінемін. Осылай жария болып кетеді деп ойламаппын…», – дейді ол.  

Қазірге кезде төрт баласын дәрігерлер бастан-аяқ тексеріп шығып, ұрып-соғу нышандарының жоғына көз жеткізген. Ал Айжамалдың өзін психиатрға шақыртыпты.

Тұрмыс тауқыметін тартқан көпбалалы отбасы пәтер жалдап тұрады. Әлеуметтік желіге суретті таратқан жапсарлас бөлмені жалдап тұратын көршілері екен. Пәтер иесі енді ол отбасын қуып жатқан көрінеді.

Ал қамқорлық органдары Айжамалға қатысты жақын арада бір шешім қабылдайды. Ашуын қаршадай қызынан алған келіншек ата-ана құқынан айырылуы да әбден мүмкін.

«Қазір отбасы ювеналды полиция бөліміне тіркеуге алынды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті материалдар дайындалып жатыр. Сонымен қатар заңды өкілдерін заңмен белгіленген жауапқа тарту мәселесі қарастырылды. Анасы, әрине, өкініп отыр. «Ата-ана құқынан айырмаңыздар» деп сұрап отыр», – дейді қорғаншы және қамқоршылық бөлімінің басшысы Гүлім Жүсіпова.

Спутник.кз

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<