Қаржылық сауаттылықты қалай арттыруға болады?

795

0

 Жастардың қаржылық сауаттылығы назарда. 31 қазан – Халықаралық жинақ күніне орай облыстық «Жастар ресурстық орталығында» «Қаржы сауаттылығы» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.  Бағдарлама 3 кезеңді қамтып, жастар командалық ойындарда шыңдалды.

Аталған шара «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалының қолдауымен өтті және оған орталық жанындағы «Волонтерлар фронт офисі», «Ашық жүрек» волонтерлар лигасы, Qazvolunteer мүшелері, «Жас отан» ЖҚ мүшелері, пробация есебіндегі жастар қатысты.

Мақсаты – әртүрлі топтағы жастардың басын біріктіріп, олардың арасында байланыс орнату, қаржы және кәсіпкерлік саласындағы негізгі түсініктермен таныстыру, қаржылық мақсаттарды белгілеу және оған қол жеткізу жолын үйрету.

Мотивациялық шарада кәсіпкерліктің негіздерін «Қызылорда бизнес хаб» серіктестігі директорының орынбасары Жанарыс Түбекбаев, баспаналы болудың мүмкіндіктерін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары Ілияс Жұрынов тарқатып, пікірлерін ортаға салды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<