Қазалы, Арал аудандарында жария тыңдаулар өтеді

541

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Дәулетэнерго» ЖШС-ның электр энергиясымен жабдықтау қызметіне шекті баға жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.


Жария тыңдаулар:

2020 жылдың 21 тамызында сағат 11-00-де Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Төле би көшесі, 35 мекенжайында;

2020 жылдың 21 тамызында сағат 15-00-де Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласы, Есетов көшесі, 8 мекенжайында өтеді.

Областағы карантиндік режимді ескере отырып, жария тыңдауларда мына талаптар сақталуы керек:

мәжіліс залында орналасуы 10 адамнан аспауы керек;

маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты кемінде 1,5 метр сақтау;

65 жастан аспаған келушілердің болуы.


Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғи монополиялар субъектілерін және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауларға қатысуға шақырады.


Сонымен қатар, «COVID-19» коронавирустық індетін таратпау мақсатында, Қызылорда облысының Арал және аудандары тұрғындары мен өзге де мүдделі тұлғалар онлайн режимінде де Facebook әлеуметтік желісіндегі басшының ресми парақшасында жария тыңдауға қатыса алады (https://www.facebook.com/profile.php?id=100037836875043&cft[0]=AZVZRioBDeNipJa1wJXM7TmBBkc9CEPmgOyNJmfkJyi11CLG0JQ0Wf8kbdj8P7ZaSiGN-aa7XEHPsoSITMNLZJNNACeYISKlMVmPVdvaKfRkP4WGGkOPW4cGW-B9w5e_vLO6P-EOOLVYkkZkGq1b47wb&tn=-UC%2CP-R).


Әрбір тілек білдіруші онлайн режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.


Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:

8 (7242) 26-23-67, 277974.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<