Қазақ көркемсөзінің майталманы

658

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюссерлік орталығымен бірлесе отырып «Достық үйінде» жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Адам Мекебаевтың шығармашылығына арналған «Қазақ көркемсөзінің майталманы»атты әдеби кеш ұйымдастырды.

Іс-шара мақсаты оқырмандарға жерлесіміз, көрнекті қаламгер, жазушы Адам Мекебаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Әдеби кешке Адам Мекебаевтың жары Гүлжәмила Ескөбек, Аңсат Сәпен Әбдіқадырұлы, Бағдат Кәрібозұлы, ақын Қаршыға Есімсейітова, Тұяқбаев Ғабит Әнешұлы, зиялы қауым, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қонақтар өз пікірлерімен бөлісіп, қаламгердің баға жетпес мол мұраларын оқуға шақырды. Іс-шара аясында  «Кемел ойлы қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге әдебиеттер мен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған материалдар қойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<