Қазақстанда 23 мың Ресей азаматы жұмыс істейді

463

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Елде жұмыс істейтін Ресей азаматтары көбейді ме?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың қыркүйегінен бері бұл цифр аса көп өзгерген жоқ. Бұл көрсеткіш үнемі 22-23 мың адамның айналасында болады. Өйткені, бір топ адам келіп жатса, бір тобы елден кетіп жатады. Бұл – Қазақстанда міндетті зейнетақы аударымдарын жасайтын Ресей азаматтары», – деп жауап берді Тамара Дүйсенова Үкімет кулуарында тілшілер сұрағына.

Айта кетейік, Ресейге салынған санкциялардан соң 400 шетелдік компания Қазақстанға келуге ниетті.

Бұған дейін Тамара Дүйсенова Қазақстанға негізінен қай елдің азаматтары қоныс аударып жатқанын айтқан еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<