Қазақстанда құрылыс шығындарына шектеу лимиті қойылды

701

0

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор инвестицияларының қатысуымен құрылыс объектілерінің бағасын көтеру жағдайларын болдырмау мақсатында, жобалау және сараптама кезеңінде шығындардың шектік лимиттерін белгіленді.

Бұл ұсынысты Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен объектілерді салу кезіндегі шығындарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі селекторлық кеңес шеңберінде білдірді. Кеңес ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өтті.

Мемсараптама порталында шығындар лимитін анықтауды автоматтандыру мақсатында (epsd.kz) объект құрылысының шектік құнын есептеуге мүмкіндік беретін онлайн-калькулятор әзірленді.Сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманың деректер банкі негізінде ірілендірілген сметалық нормативтер (ІСН) қалыптастырылатын болады, олардың мәні жобаны іске асырудың шектік құны болмақ.

Импортталған материалдар және технологиялық жабдықтың құнын аңықтау үшін шетелдік дерекқорды қолдану жоспарланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<